Жарияланды: 450

Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр

Алматыдағы әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде «Cisco Network Academy Program» халықаралық білім беру бағдарламасының қолдаумен желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр.

Бұл шара осы саладағы Қазақстандағы алғашқы студенттік олимпиада болып саналады. Басты мақсат - талантты жастарды анықтап, ақпараттық технология саласына бағытталған болашақ кәсіби қызметін қолдау. Сондай-ақ телекоммуникациялық технология саласындағы ұлттық және халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға тарту. Cisco желілік академиясының аясындағы бұл бағдарлама қазір әлемнің 168 елінде жүзеге асырылып жатыр. Ол жалпыға мойындалған стандарттарды қолданып мамандарды жобалау, құрылыс және ғаламдық желілерді іске қосуда теориялық және тәжірибелік іргелі дайындауға бағытталған. Онда білім берудің элекрондық үлгісі (e-learning) қолданылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть