Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр

Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр

Алматыдағы әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде «Cisco Network Academy Program» халықаралық білім беру бағдарламасының қолдаумен желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр.

  • 6 Маусым 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл шара осы саладағы Қазақстандағы алғашқы студенттік олимпиада болып саналады. Басты мақсат — талантты жастарды анықтап, ақпараттық технология саласына бағытталған болашақ кәсіби қызметін қолдау. Сондай-ақ телекоммуникациялық технология саласындағы ұлттық және халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға тарту.

Cisco желілік академиясының аясындағы бұл бағдарлама қазір әлемнің 168 елінде жүзеге асырылып жатыр. Ол жалпыға мойындалған стандарттарды қолданып мамандарды жобалау, құрылыс және ғаламдық желілерді іске қосуда теориялық және тәжірибелік іргелі дайындауға бағытталған. Онда білім берудің элекрондық үлгісі (e-learning) қолданылады.

Соңғы жаңалықтар