Алматыда Желтоқсан оқиғасын еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Желтоқсан оқиғасын еске алды

Алматыда Желтоқсан оқиғасын еске алды

Бүгін Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысқандар, қоғам белсенділері және қала басшылығы Желтоқсан оқиғасы құрметіне тұрғызылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоғын қойды.

  • 17 Желтоқсан 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

Рәсімге қатысқан жүздеген адам оқиғада қаза болғандарды үнсіздікпен еске алып, құрбандар әруағына бағыштап құран оқыды. Желтоқсан оқиғасын еске алу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Рәсімге қатысқандар арасында қалалық жастар ұйымдары, мәслиxат депутаттары және зиялы қауым өкілдері болды, деп хабарлайды Azattyq.org

Ескерткішке гүл шоғын қойғанда белсенділер де, әкімдік өкілдері көп алдында сөйлемей рәсім соңынан желтоқсан оқиғасы құрбандары құрметіне берілетін асқа баратын болып тарқасты. Жиналғандарды әкімдік тарапынан бөлінген арнайы автобус асқа алып кетті. Гүл шоғын қояр алдында алаңға жиналған бір топ адам
"Желтоқсан желі" әнінің
сөзін сәл өзгертіп шырқап тұрды.