Алматыда жеңіл автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеңіл автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам жараланды

Алматыда жеңіл автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам жараланды

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда “Мерседес” маркалы жеңіл автокөлік пен “Хюндай” маркалы бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Маусым 2006
  • 415
Фото - Caravan.kz

Апат жексенбі күні таңертең Фурманов және Сәтпаев атындағы көшелердің қиылысында болған. Мекеме ақпаратына сәйкес, жеңіл автокөліктің жүргізушісі автобуспен соқтығысып қалған. Апат салдарынан автобуста отырған 17-43 жас аралығындағы 13 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта