Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, жер сілкінісінің кіндігі Қырғызстан аумағындағы тауларда, Бішкектен оңтүстікке қарай, Алматыдан 180 шақырым жерде болған. Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 42 градус 15 минуты, шығыс бойлықтың 74 градус, 59 минутында орналасқан. Сілкініс ошағында оның қуаты 5-6 балл, ал Алматыда 2 балға жетті.
Зардап шеккендер мен бүлініс туралы нақты мәлімет жоқ.