Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай шамамен 140 шақырым қашықта — Қырғызстан аумағында жердің 10 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 10,9, ал магнитудасы 5,1.
Жерасты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген.