Алматыда жер сілкінісі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Оңтүстік өңірде жер дүмпуі сезілді

  • 22 Желтоқсан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 2:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 балл болған.

АЛЫҢЫЗ

Сейсмологтар мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі 2 баллдық қарқынмен сезілген.

Ал ТЖМ «Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» сейсмологтары жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқанын хабарлады. Бұл ретте Алматыда жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.

Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген болатын, сол кезде Тараз бен Шымкентте жер асты дүмпулері болжамды түрде 2 балл қарқынмен сезілді.

Перейти к новостям спорта