120 пәтер-секцияға есептелген жаңа бес қабатты ғимарат қалалық бюджет қаржысының есебінен бой көтерді. Бұл нысан жетімдер үйінде тәлім-тәрбие алған жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған аса күрделі проблеманы жартылай болса да шешуді көздейді .
Жастар үйі 2000-жылы «Бөбек» қорының басқаруымен салынған Жастық сарайының аумағында орналасқан. Ол 23 жасқа дейінгі 100 жетімді әлеуметтік бейімдеуге және олардың тұруына арналған. Ал осы жолғы Жастар үйінде әлеуметтік қорғаудан мұқтаж 20-29 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер тұратын болады.
И.Тасмағамбетовтың айтуынша, жастарды қамқорлыққа алу — Елбасының республика халқына арнаған жыл сайыны жолдауында жарияланған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болмақ.