Алматыда «Жібек жолы» ортаазиялық көрме-жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Жібек жолы» ортаазиялық көрме-жәрмеңкесі өтеді

Алматыда «Жібек жолы» ортаазиялық көрме-жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 4 - 5 маусым күндері ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында «Жібек жолы» атты дәстүрлі орталықазиялық көрме-жәрмеңкесі өтеді.

  • 26 Мамыр 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы мен ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының ұйымдастыруымен өтетін шараға өз елімізбен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ресейден келетін қолөнер шеберлері қатысады. Олар көрме-жәрмеңкеге өздері жасаған ең үздік қолөнер бұйымдарын ұсынатын болады. Атап айтқанда, көрме — жәрмеңкеге киімдер, зергерлік бұйымдар, қыш бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, тері бұйымдары, киізден, жібектен жасалған көптеген заттар қойылатын болады.

Шараға келушілер шығармашылық өнерді тамашалап қане қоймай, зергерлік өнер бойынша шеберлік-сыныптарға қатыса алады. Оны Қазақстанның суретші-зергері Сержан Баширов өткізеді.

Ұлы Жібек жолы, ірі сауда жолы ретінде біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда ашылып, біздің заманымыздың XVI ғасырына дейін өркен жайды. Керуен жүйесі әртүрлі халықтардың, мемлекеттердің сауда және мәдени қатынастарын дамытып, байланыстыратын жол ретінде қызмет етті. Ғасырлар бойы әртүрлі тілде сөйлейтін базарлар дүниеге келіп, жүздеген жылдар бойы шаңды керуен жолдарымен бағалы жібектер және тастар, дәмдеуіш және бояулар, алтын және күміс, экзотикалық құстар және аңдарды еуропалықтарға сатуға тасыды. Жібек жолының маңызды бөлігі Орталық Азия және Қазақстан аумағымен өткен болатын.

Перейти к новостям спорта