Алматыда «Жігіттер» квартетінің екі бірдей ән жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Жігіттер» квартетінің екі бірдей ән жинағы жарық көрді

Алматыда «Жігіттер» квартетінің екі бірдей ән жинағы жарық көрді

Алматыда «Жігіттер» квартетінің «Балқадиша» және «Туған жер» деп аталатын екі бірдей ән жинағы жарық көрді.

  • 6 Қазан 2011
  • 1244
Фото - Caravan.kz

Кеше Алматыда аталмыш үнтаспалардың тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан эстрада жұлдыздары, ақын — жазушылар мен сазгерлер және «Жігіттер» тобының әндерін сүйіп тыңдайтын өнер сүйер қауым қатысты. Олар топты жаңа ән жинағымен құттықтап, жылы лебіз-тілектерін білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, «Жігіттер» квартетінің алғашқы «Ерке қыз» деп аталатын тұңғыш ән жинағы 2006 жылы шықты. Ал, екінші «Бақытты бол» деп аталатын ән жинақ бір жылдан соң, яғни 2007 жылы шыққан болатын. Енді, міне төрт жыл салып топтың екі бөлімнен тұратын ән жинақтары шығып отыр.

«Әр үнтаспада он алты әннен топтастырылған. Біреуінде жастарға арналған ойнақы, көңілді әндер болса, екінші альбомға түгелімен баяу айтылатын ырғақты әндерді, мәселен «Балқадиша», «Айқаракөз», «Жас қалам» секілді әндерді енгіздік. Бұнымен қатар, үнтаспада тыңдармандарға бұған дейін ұсынылмаған жаңа әндер бар»,-деді «Жігіттер» квартетінің продюссері Ерғали Әбдірайымов.

Тұсаукесер барысында: «Бес — алты жылдың ішінде топ үлкен жетістіктерге жетіп, танымал топқа айналды. Топтардың ішінен топ жарып, қазақ эстардасында ерекше орнын алды. Топ құрылғаннан бергі уақыттан өз тыңдармандарын тауып үлгерді. Бүгінде «Жігіттер» тобын бүкіл ел таниды. Олардың әндері қазақ жұртының ықыласына бөленді», -деп атап өтілді.

Перейти к новостям спорта