Алматыда жиналған ғалымдар акцияларды "Самұрық" мемлекеттік холдингіне беру арқылы ҒЗИ-ын қайта құруға қарсылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жиналған ғалымдар акцияларды "Самұрық" мемлекеттік холдингіне беру арқылы ҒЗИ-ын қайта құруға қарсылық танытты

Алматыда жиналған ғалымдар акцияларды "Самұрық" мемлекеттік холдингіне беру арқылы ҒЗИ-ын қайта құруға қарсылық танытты

Алматы. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - А.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар институты мен Д.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтының ғалымдары акцияларды "Самұрық" мемлекеттік холдингіне беру арқылы ҒЗИ-ын қайта құруға қарсылық білдірді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында А.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар институтының директоры Қажымұқан Арынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

Қ. Арыновтың хабарлауынша, А.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар институты мен Д.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтын акционерлік қоғамдарға айналдыру және кейін олардың акцияларын «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингіне» беру туралы қаулысы 2007 жылдың 17 қазанында шыққан.

«Былтыр қоғам тарапынан қарсылыққа ұшырағаннан кейін бұл процесс тоқтау тапқан еді… Осы жылдың 10 қыркүйегінде мен қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожиннен 10 қыркүйекте сағат 1800-де біздің институттардың тағдыры туралы отырыс өтетіндігі жайында телефонограмма алдым. Телефонограмма менің қолыма сол күні сағат 15.17-де тиді. Біздің ол жаққа бара алмағанымыз түсінікті. Бұдан кейін бізге акционерлік қоғамға айналдыру және өткізу туралы нұсқау асығыс берілді», -деді Қ. Арынов.

Оның айтуынша, осы орайда ұжымдардың мүддесі ескеерілмеген, қаулы қабылдаудың бірқатар процессуалдық-процедуралық мәселелері бұзылған, мұндай күрделі қайта құрылымдауға ешбір себеп жоқ.

«Акционерлік қоғамға айналдыру — жекешелендіруге жасалған бірінші қадам. Бұл қаулы қазір қолданыстағы «Ғылым туралы» заңға қайшы, ал жаңасы енді ғана талқылану үстінде, онда біздің институттар іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады және біз мемлекеттің қаржыландыруы аясындамыз деп айқын көрсетілген, институттарды дамытудың басым бағыттарын мемлекет айқвндайды делінген», — деді ҰҒА академигі, зертхана меңгерушісі Дәурен Сембаев.

«Ғылымды реформалауға бағытталған осы талпыныстардың бәрі де өкінішке орай ғылымның мәртебесі мен беделінің құлдырай түсуіне алып келуде, келешекте Қазақстан тіпті ғылымнан мүлдем мақұрым қалуы ықтимал», — деді ҰҒА академигі Есен Бектұров.

Ғаламдардың айтуынша, бағалау кезінде санаткерлік меншік есепке алынбай, Алматының орталығындағы институт ғимараттары мен жерлері ғана бағаланған.

«Олай болса бұл кімге керек? Ұжымға дағ мемлекетке де қажет емес. Олай болса бұл жерде кімнің мүддесі тұр деген сұрақ туады», -деді Қ. Арынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар