Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер алдымен іштегі қызметкерлер мен сол маңдағы сауда орнының келушілерін қауіпсіз жерге көшірді. Қызыл жалынмен күреске жалпы саны 70 адам жұмылдырылған болатын. Бірақ күш алған тілсіз жау біразға дейін бой бермей, бір жарым сағат дегенде әрең ауыздықталды. Қазір мамандар өрттің себептер анықтап, келген шығын мөлшерін есептеп жатыр.