Алматыда жоғалған 17 жастағы қыз секс-притоннан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жоғалған 17 жастағы қыз секс-притоннан табылды

Алматыда жоғалған 17 жастағы қыз секс-притоннан табылды

Қазіргі уақытта қызды полицейлер ата-анасына тапсырды

  • 24 Қараша 2017
  • 419
Фото - Caravan.kz

Алматыда жоғалған 17 жастағы қыз секс-притоннан табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Сөйтсек, қызды алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тартыпты. Полицейлердің айтуынша, қыз бар қауіпті ескермей, таныстарының ақша табу туралы ұсынысына келісім берген. Қыркүйек айында қыз үйінен кетіп қалған да, клиенттеріне интим қызмет көрсетумен келген. Ал туыстары мен жақындары оның қайда екенін білмеген.

Қазіргі уақытта қызды полицейлер ата-анасына тапсырды. Ал күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу жүріп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар