Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды, — деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Бұған дейін Есентай өзенінен белгісіз ер адамның мәйті табылғаны жөнінде хабарланған болатын. Мәйітті cудан сүңгуірлер алып шыққан.Қалтасынан осыдан он күн бұрын жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің құжаттары табылған. Қазір оқиға орнында полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды.
"Сот дәрігерлік-сараптама қорытындысы қашан шығатыны белгісіз. Кемінде 20 күн уақытты алуы мүмкін",- деді Салтанат Әзірбек.
Сафар Шәкеевті соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Оның содан кейін із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 16 шілдеде келіп түскен.