Бұл туралы әлеуметтік желідегі ақпараттар арқылы белгілі болып отыр. 12 қыркүйек күні Зарх Людмиланың жоғалып кеткені туралы хабарлама жедел жарияланған болатын.
Сол күні Рысқұлов даңғылы мен Жангелдин көшесі қиылысындағы “Магнум” сауда үйіндегі жұмысынан шығып кеткеннен кейін, оны ешкім көрмеген. Ал бүгін таңертең оның Баум тоғайынан өлі күйінде табылғаны анық болды. Желіде пікір қалдырушылар әйелді тұншықтырып өлтірген деп жазуда.