Алматыда жоғары оқу орындарында сапаны басқарудың жаңа жүйесін қолданысқа енгізу мәселесі талқылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жоғары оқу орындарында сапаны басқарудың жаңа жүйесін қолданысқа енгізу мәселесі талқылануда

Алматыда жоғары оқу орындарында сапаны басқарудың жаңа жүйесін қолданысқа енгізу мәселесі талқылануда

Бүгін, 27-қаңтарда Алматыда жоғары оқу орындарында сапаны басқарудың жаңа жүйесін қолданысқа енгізу мәселесін талқылауға арналған кеңес басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 656
Фото - Caravan.kz

Кеңесті ашып сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарниктің айтуынша, сапаны басқарудың жаңа жүйесін қолданысқа енгізу жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамытуға түрткі болу арқылы жалпы еліміздің білім беру жүйесін жоғары деңгейге көтеруге ықпалын тигізеді.

Өткен жылдың соңында ҚР білім және ғылым министрлігі еліміздегі барлық жоғары білім ошақтарына сапаны басқарудың ИСО 9001:2000 жүйесіне көшу жөніндегі бағдарлама мен модель жобасын жасауды тапсырған. Г.Гамарниктің айтуынша, мемлекеттік 44 жоғары оқу орнының 27-сі ИСО 9001:2000 жүйесіне көшу моделін жасаса, 17 жоғары оқу орны тиісті бағдарламалар жобасын жасап шығарды. Алайда, олардың арасынан 6 жоғары оқу орнының бағдарламасы ғана жоғары бағаға ие болды.
Г.Гамарниктің атап көрсетуінше, сапаны басқарудың жаңа жүйесі жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың халықаралық жүйесі құрамындағы маңызды құрамды бөліктердің бірі. Сол себепті қазақстандық жоғары оқу орындары ИСО 9001:2000 жүйесіне көшу үшін мейлінше күш салуы қажет.
Семинарға еліміздің көптеген жоғары оқу орындарының өкілдері мен Томск политехникалық университетінің Сібірлік сертификация орталығының қызметкерлері қатысуда. Олар өздері жасап шығарған сапаны басқарудың ИСО 9001:2000 жүйесіне көшу бағдарламасын ортаға салмақшы.

Соңғы жаңалықтар