Алматыда бастапқы дерек бойынша ауданы 3000 шаршы метр қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sputnik қаланың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, бейсенбі күні Алматы ТЖД "101" пультіне сағат 06.03-те келесі мекенжайда өрт шыққаны хабарланған: Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, Тәттімбетов көшесі 282.
Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Sputnik агенттігіне хабарлағандай, ангар типтес қоймалар өртеніп жатыр.
Оқиға орнында Алматы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 70 адам және 20 техника өрт сөндіруде. Лапылдаған жалынды әуеден тізгіндеу үшін тікұшақ пайдалану жоспарланған.