Қар аралас жаңбырдан кейінгі тайғақ жолда ауыр техника тоқтай алмаса керек, «Митсубиши Галантты» жапырып өтіп, бірнеше метрге дейін сүйрепті. Жедел жәрдем де апат орнына жылдам жеткенімен, жеңіл көлік ішіндегі адамдарды құтқару мүмкін болмады. Үшеуі де оңбай жапырылған машина ішінде жан тәсілім еткен.