«Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы күрделі күйінде қалып отыр. Қазір жол апаттары 14%, қаза тапқандар саны 24%, жарақат алғандар — 21% артқан», — деді ол сәрсенбі күні осы жылдың 9 айында Алматының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне арналған кеңесте.
Департамент бастығының айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған 214 мың жүргізушінің 3700-і көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жазаланса, 4200-і жүргізуші куәлігінен айырылды.
Е.Тұрғымбаев Алматы бойынша айыппұл төлеу мәселесі «әлсіз» күйінде қалып отыр. «Барлығы 767 млн теңге айыппұл өндіріп алынды. (…) Бүгінгі таңда салынған айыппұлдың 41 пайызы өндірілген», — деді ол.