Апат жексенбі күні кешке Марков көшесі мен аль-Фараби даңғылдарының қиылысында болған. «Тойота» автокөлігінің 36 жастағы әйел жүргізушісі 31 жастағы еркек айдаған «Ауди» автокөлігімен соқтығысып қалды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жол апаты салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі мен екі көлікте отырған сегіз жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Зардап шекккендердің арасында бес жасқа дейінгі үш бала бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті