Қайғылы оқиға 8-ақпанда таңертең Жандосов және Саин көшелерінің қиылысында болды. Көлігінің тізгініне ие бола алмаған «Мерседес » жүргізушісі оны аударып алды. Апат салдарынан 22 жастағы қыз бен жігіт мерт болды. Жүргізушінің өзі түрлі жарақаттармен қалалық 7-ауруханаға жатқызылды.
Осындай тағы бір қайғылы оқиға Алматы облысының Іле ауданында болды. Алматы-Өскемен тас жолының 36-шы шақырымында «Тойота камри» автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлікті жол шетіндегі қоршауға соғып алды. Апат салдарынан 50 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болып, тағы бір жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.