Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жараланды

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жараланды

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 330
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 8-ақпанда таңертең Жандосов және Саин көшелерінің қиылысында болды. Көлігінің тізгініне ие бола алмаған «Мерседес » жүргізушісі оны аударып алды. Апат салдарынан 22 жастағы қыз бен жігіт мерт болды. Жүргізушінің өзі түрлі жарақаттармен қалалық 7-ауруханаға жатқызылды.

Осындай тағы бір қайғылы оқиға Алматы облысының Іле ауданында болды. Алматы-Өскемен тас жолының 36-шы шақырымында «Тойота камри» автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлікті жол шетіндегі қоршауға соғып алды. Апат салдарынан 50 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болып, тағы бір жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар