Бір апат Түркісіб ауданында болды. 11 сағат 12 минутта Жансүгіров пен Котельников көшелерінің қиылысында «Субару» және «Мазда» автокөліктерінің соғысқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жол апаты салдарынан екі адам қалалық №4 клиникалық ауруханаға жатқызылды. «Субару» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.
Сондай-ақ, 22 сағат 44 минутта қалалық құтқару қызметіне хабарлағанындай, Жетісу ауданында Бөкейханов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында «Мицубиси» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 36 жастағы жігіт жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті