Жарияланды: 500

Алматыда жол апатынан төрт адам жараланды

Алматыда жол апатынан төрт адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты Түркісіб ауданында, Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшелерінің қиылысында болды. "Хонда" автокөлігінің 19-жастағы жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай жол шетіндегі ағашқа соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші, оның жанында отырған 17 жасар қыз бен 22 жастағы екі жігіт түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін