Алматыда жол ғылымына қатысты жаңалық ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол ғылымына қатысты жаңалық ашылды

Алматыда жол ғылымына қатысты жаңалық ашылды

Асфальт бетонды жол жамылғысында жарықшақтар не себептен пайда болады? Оған қандай жағдай әсер етеді? Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының президенті, профессор Бағдат Телтаев осы сауалдың жауабын тапты.

  • 12 Қараша 2016
  • 803
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлады. Аталған жаңалықты Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясы және Ғылыми жаңалық ашу мен өнертабыстар авторларының халықаралық академиясы мойындап, авторға диплом тапсырды. Техника ғылымдарының докторы Бағдат Телтаев осы жаңалықты ашу үшін 15 жыл ізденгенін айтады. Бұл — автомобиль жолдары саласындағы ең алғашқы ғылыми жаңалық. Автор өз еңбегін «Төменгі температуралы жарықшақтану кезінде асфальтбетон жол төсемінің өзін-өзі құру заңдылығы» деп атап отыр.

"Температура төмендеген кезде асфальтбетонның ішінде кернеу пайда бола бастайды. Ол кернеу сыртқа шықпаса онда жарық пайда болады. Мына жарылған кезде мына жарықтың екі жағы жақтаулары деформация алады" «ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ президенті, профессор Бағдат Телтаев,

Асфальтбетон жамылғысының беріктігі оған қосылатын битумның ерекшелігіне байланысты. Битумның бір түрі республиканың барлық өңірінде бірдей қолдануға жарамайды. Сондықтан ғалымдар Қазақстанды 4 климаттық аймаққа бөліп отыр. «Асфальтбетонның құрамын табиғат ерекшеліктеріне сай таңдасақ, жолдағы жарықшақтарды анағұрлым азайтуға болады» — дейді ғылыми жаңалықтың авторы.

"Асфальтбетон жамылғысында пайда болған әр жарықшақтың әр метрі бір метр ұзындықтағы, жарықшақты жөндеу шамамен 500 теңге тұрады екен. Ал енді біз осы ғылыми жаңалықтың заңдылығын пайдалана отырып, осы жарықшақтардың санын азайтатын болсақ бұл қыруар тиімді болады" деді ол.


Елімізде 130 мың шақырымнан астам автомобиль жолы бар. Оның күтіміне кететін қыруар қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми жаңалықты Қазақстан жол ҒЗИ мамандары келесі жылдан бастап тәжірибеге енгізуді жоспарлап отыр.