Алматыда жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 85 дерек әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 85 дерек әшкереленді

Алматыда жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 85 дерек әшкереленді

АЛМАТЫ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен демалыс күндері Алматыда жол полициясы қызметкерлерінің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 85 дерек әшкереленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2006
  • 383
Фото - Caravan.kz



«Заң бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйінде көлік айдауға байланысты,- дейді полиция қызметкерлері. — Рейд барысында осындай тәртіп бұзған 68 жүргізуші ұсталды».

Жол түйілістерінен дұрыс өтпеу — тағы бір кеңінен таралған заң бұзушылықтардың бірі. Осындай 7 дерек тексеру барысында әшкереленді.

Сонымен бірге автокөліктерін тиісті құжаттарсыз айдап жүрген бес жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама қозғалды.

Рейд нәтижесінде 8 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Перейти к новостям спорта