Алматыда жол полициясының автокөлігі апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол полициясының автокөлігі апатқа ұшырады

Алматыда жол полициясының автокөлігі апатқа ұшырады

Алматыда Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында қалалық жол полициясының көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды сәрсенбі күні ҚазТАГ тілшісі.

  • 1 Маусым 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

Тілшіміздің ақпаратына сәйкес, ЖПБ батальон командирінің орынбасары, полиция майоры ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Полиция көлігінің қатысуымен болған ЖКА-ның жағдайлары анықталып жатыр. Қазір оқиға орнында 3 «жедел жәрдем» көлігі, жол полициясының бірнеше көлігі келді.

Куәгерлердің айтуынша, ЖКА-ға 35-ші бағыттағы автобус себеп болған. Даңғылда жол қозғалысы реттеліп жатқан. Полиция көлігі Фурмановкөшесімен солтүстік бағытта (төмен қарай) келе жатқан, Абай көшесімен батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус полиция көлігін, бірнеше жеңіл көлікті қағып өткен.

Автобусдаңғылдың батыс жағынан 30 метр жерге барып тоқтады. Автобустың жүргізуші ұсталды. Жамбыл облысынан келген ол ішімдікке мас немесе есірткіге елтіп алуы да мүмкін.

Соңғы жаңалықтар