Сонымен бірге Б.Ақановтың айтуынша, шара аясында Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруға жауап беретін қызметтердің іс-қызметіне тексеру жүргізіледі.
Тұрғындар жол полициясы қызметкерлері мен VIP рұқсаты бар автокөліктердің жүргізушілерінің үстінен көп шағымданады, деді Б.Ақанов. «Мен осындай құжаттарды тәркілеп алу туралы ереже немесе бұйрық шығуы үшін республикалық мекемелерге өтініш жасайтын боламын»,- деді ол. Оның пайымдауынша, «осындай рұқсат қағаздарын тек тәркілеумен ғана шектелмей, оларда не жазылғаны және оларды пайдаланудан кімдер мүдделі екенін анықтау үшін сотқа шағымдану қажет».
Б.Ақанов автокөлік тұрақтарына қатысты мәселелерді де қарау қажеттігін еске салды. «Біз бір айда барлық мәселені талдап, өз қорытындымызды дайындаймыз»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті