Полициядан таралған ақпаратқа қарағанда, бүгіннен бастап 25 учаскіде 116 камера және 44 жылдамдық өлшегіш орнатылған.
«Жинақталған тәжірибені ескере отырып жол қозғалысына бейнетехникалық бақылау жүргізу жүйесі елеулі кеңейтілген. Әсіресе автомагистраль қиылыстарында болатын құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше мән берілген. «Орнатылған жүйе адам факторын ескерместен автоматты түрде жүргізушілер жол беретін құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді», деді Алматы ІІД бастығы, полицияның генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев, оның сөздері хабарламада келтірілген.