Алматыда жолақы екі есе қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолақы екі есе қымбаттауы мүмкін

Алматыда жолақы екі есе қымбаттауы мүмкін

Тарифті көтеру туралы ұсынысты тасымалдаушылар қауымдастығы әкімдікке жеткізген.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 146
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

КТК арнасының мәліметіне қарағанда, тасымалдаушылар 2012 жылдан бері баяғы жартас сол жартас. Баға өзгермеген. Ал, алты жылдың ішінде жанармайдың бағасы 80, газ 112 пайызға дейін шарықтап кеткен. Оған автобусты жөндеу секілді қызмет құнын қосыңыз. Автопарктер қазір қыл үстінде. Пайданы ойламақ түгілі, шығын ұйығынан қалай шығудың жолын таппай бастары қатқан. Тығырықтан шығудың жолы билетті 80 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеру дейді қауымдастық. Болмаса, шаһар әкімдігі қосымша субсидия бөлуін сұрап отыр. Егер де атқамінерлер 150 теңгелік тарифті бекітсе, онда Алматы Астананы басып озған жол ақысы ең қымбат қалалардың көшін бастайды.

"Тариф комиссиясы тексерген кезде 149 теңге екені дәлелденген. 149 теңге болу керек. Нарық көлемі 21 млрд теңге. Ал, қызметті қамтамасыз ету үшін толық 39 млрд теңге керек. Сонымен 18 млрд теңге субсидиялау қажет. Яғни, мемлекеттік қаржыландырумен сонда бұл қызмет қамтамасыз етіледі" — дейді Алматы тасымалдаушылар қауымдастығының президенті Сәбит Аманбаев.