Алматыда жолаушылар толы көлік шұңқырға түсіп кетті: 5 адам ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолаушылар толы көлік шұңқырға түсіп кетті: 5 адам ауруханада жатыр

Алматыда жолаушылар толы көлік шұңқырға түсіп кетті: 5 адам ауруханада жатыр

Алматы орталығында Toyota Camrу жүргізушісі жолаушылар толы отырған көлікпен шұңқырға түсіп кетті.

  • 28 Маусым 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы СТВ телеарнасында "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 28 маусымда Төле би мен Әйтиев көшелерінің қиылысында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, белгісіз себептермен шұңқырға түсіп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам құрылыс қоршаулары мен жол белгілерін байқамай қалған. Жол апаты нәтижесінде жүргізуші пен 4 жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар