Алматыда жолға таласқандар жұрттың көзінше жаға жыртысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолға таласқандар жұрттың көзінше жаға жыртысты

Алматыда жолға таласқандар жұрттың көзінше жаға жыртысты

Алматыда жолға таласқан жүргізушілер жұдырықтасты. Қала көшелерінде болған сондай оқиғалардың бірін тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған.

  • 4 Тамыз 2015
  • 251
Фото - Caravan.kz

Жүк көлігінің жүргізушісін төпелеп жатқан № 303 бағыт автобусының қызуқанды кондукторы екен. Екі көліктің жолға таласып қалғаны көрініп тұр. Жұдырықтың мәселесімен әлек болып кеткен аласа бойлы кондуктор жолаушыларын күттіріп қойғанын елер емес. Әйтеуір автобус жүргізушісі келіп, әзер арашалап алды. Алайда ашуы тарқамаған шынашақтай жігіт кетіп бара жатып жүк көлігінің айнасын теуіп сындырды. Кейін анықталғаны, бұл Алматы облысы «Қаскелең автобус паркінің» қызметкерлері екен. Мекеме басшылығы екеуін де жұмыстан шығаратын болыпты. 

Соңғы жаңалықтар