Кейін белгілі болғанындай, жарықтың өшуіне көшедегі газ құбырларын жөндеп жүрген жұмысшылар себепші болған екен. Олар абайсызда электр сымдарын үзіп алыпты. Бұл олқылық бірнеше сағат өткенде барып әзер жөнделді. Десе де кей жерлерде әлі де жарық жоқ. Айта кету керек, Алматыда соңғы кезде түрлі себептермен жарықтың өшуі жиілеген.
Сәрсенбек Құлбаев, «Алатау жарық» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары:
— Апаттық жұмысты 16 бригада жасап жатыр. Бірінші бағыттағы жөндеу бітті. Ендігі қалған жұмысты 3 сағаттың ішінде бітіреміз деген ойдамыз.