Алматыда жөндеу жұмыстары кесірінен бірнеше ықшамаудан жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жөндеу жұмыстары кесірінен бірнеше ықшамаудан жарықсыз қалды

Алматыда жөндеу жұмыстары кесірінен бірнеше ықшамаудан жарықсыз қалды

Ірі мегаполис жарықсыз қалды! Алматыда жөндеу жұмыстарының кесірінен бірнеше ықшамауданға тоқ жеткізетін электр желісі үзіліп кеткен. Салдарынан үйлердің жарықсыз қалғаны былай тұрсын, көшедегі бағдаршамдар істен шығып, кептеліс саны көбейген.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Кейін белгілі болғанындай, жарықтың өшуіне көшедегі газ құбырларын жөндеп жүрген жұмысшылар себепші болған екен. Олар абайсызда электр сымдарын үзіп алыпты. Бұл олқылық бірнеше сағат өткенде барып әзер жөнделді. Десе де кей жерлерде әлі де жарық жоқ. Айта кету керек, Алматыда соңғы кезде түрлі себептермен жарықтың өшуі жиілеген. 

Сәрсенбек Құлбаев, «Алатау жарық» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары:

— Апаттық жұмысты 16 бригада жасап жатыр. Бірінші бағыттағы жөндеу бітті.  Ендігі қалған жұмысты 3 сағаттың ішінде бітіреміз деген ойдамыз.  

Соңғы жаңалықтар