Алматыда жөндеу жүріп жатқан интернаттағы науқас балалар басқа жаққа көшірілмеген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жөндеу жүріп жатқан интернаттағы науқас балалар басқа жаққа көшірілмеген

Алматыда жөндеу жүріп жатқан интернаттағы науқас балалар басқа жаққа көшірілмеген

Құрылыс шаңының арасында қалған науқастар! Алматыдағы  психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйінде 100-ден астам бала шұғыл қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс. Себебі, онда екі айдан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Ал мұндағы балалар соның шаңын жұтып отыр. Бұл, әрине, санитарлық ережеге кереғар. Бірақ бұған не интернат басшылығы, не Әлеуметтік қорғау басқармасындағылар алаңдар емес. Тек ата-аналар ғана болмаса.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

Бұл – Алматыдағы балаларға арналған психоневрологиялық интернат-үйі. Мұнда шамамен 116 бүлдіршін мен жеткіншек ем алып жатыр екен. Жүйке сыртқатынан бөлек, сал ауруына душар болғандар да осында қабылданады. Кішкентай науқастардың  көбі төсекке таңылған. Әрине, талапқа сай мұнда ең бірінші – тыңыштық болуы тиіс.

Бірақ тыныштық екі ай бұрын бұзылыпты. Яғни, маусым айынан бері кешенде балалармен қатар құрылысшылар да жүр. Бұрғылап, сырлап, қабырғаны қопарып жатыр. Әрине, бұған ең бірінші ата-аналар алаңдаулы. Анар Жолбаева шу мен шаңның ортасында жатқан науқас баласын қауіпсіз жерге алып кеткісі келеді.

Анар Жолбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

— Балам осы жерде 7 жылдан бері жатыр. Талап бойынша, бұларға тыныш, таза жер керек. Онсыз да жүйкелері ауру. Бірақ директоры бірде-бірін қауіпсіз жерге көшірер емес.

Анар Жолбаева тек өзінің ұлын ғана емес, интернаттағы барлық баланың түгел құрылыс ортасынан алшақтатылуын талап етіп жүр. Тіпті талабы орындауын үшін прокуратураға да шағым түсірген. Қазір іспен заңгерлер айналысып жатыр. 

Қарлығаш Құжағариева, заңгер:

— Санитарлық талаптың бұзылғанан растайтын құжаттарымыз бар. Келіншектің талабы орынды. Қазір біз сотқа арыз әзірлеп жатырмыз. Ал директор болса, мазамызды алды деп шағым түсіріп жатыр екен.

Кешенде шынында да құрылыстың жүргізіліп жатқаны анық екен. Ішінде де , сыртында да. Әрі көп баланың дауысы да қатар естіледі. Тек көзбен көруге интернатқа кіру мүмкін емес. Күзетші сөзіне қарағанда, директор – Қайра Сабыров қызмет орнында жоқ екен. Тілшілерден секем алса керек, учаскелік полицияны да шақырып үлгеріпті.

3 сағат өтсе де интернат директоры қызмет орнына келмеді. Ал зеңгер қолындағы санитарлық талаптың бұзылғанын айғақтайтын құжаттар мен видеолар енді сотқа жөнелтілмек.

Соңғы жаңалықтар