Алматыда Жұбанов атындағы музыка мектебі өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Жұбанов атындағы музыка мектебі өртенді

Алматыда Жұбанов атындағы музыка мектебі өртенді

Бүгін 10:58 де Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысындағы  

  • 13 Тамыз 2015
  • 656
Фото - Caravan.kz

А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында өрт шықты деген ақпарат келіп түсті. 

Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. 11:23 те өрт толығымен ауыздықталды. Алматы қаласының ТЖҚ мәліметінше, мектептің екінші қабатындағы шеберхананың 12 шаршы метрі өртке оранған, — деп хабарлайды gazeta.kz.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 44 адам мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Әуезов көшесіндегі жол кептелісіне қарамай, өрт сөндірушілер шұғыл әрекетке көшті.


Эвакуациялаудың қажеттілігі болмады. Мектеп директоры мен оқытушылары мектепті өздері босатты. Ескерте кетейік, қазіргі уақытта оқушылар жазғы демалыста. 

Соңғы жаңалықтар