Фильм аясында қазақтың тұңғыш кәсіби музыканты, өнертану саласындағы алғашқы академик Ахмет Жұбанов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Ғазиза Жұбанова, техника ғылымдарының докторы, профессор Қайыр Ахметұлы Жұбанов, биология ғылымдарының докторы, профессор Ажар Ахметқызы Жұбанова, тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы, педагог Құдайберген Қуанұлы Жұбанов жайлы деректер ұсынылады.
Фильмнің тұсаукесер рәсімін телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы мен М.Барманқұлов атындағы ҚазҰУ телерадиокешені бірлесіп өткізеді.
Сондай-ақ аталған шараға университеттің журналистика, тарих, филология факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамы мен арнайы шақырылған қонақтар қатысады.
Шара аясында қазақ елінің өнер өрісі мен білім көкжиегіндегі, ғылым аясындағы Жұбановтар әулетінен тараған ұрпақтың қалдырған қолтаңбасы мен қосқан үлесі, сонымен қатар, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатының әлемдік деңгейдегі жетістіктері баяндалады.