Алматыда жүйіткіген Mercedes-Benz жолға жүгіріп шыққан адамды қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүйіткіген Mercedes-Benz жолға жүгіріп шыққан адамды қағып өлтірді

Алматыда жүйіткіген Mercedes-Benz жолға жүгіріп шыққан адамды қағып өлтірді

Рысқұлов көшесі бойында Емцов және Тілендиев көшелері арасында шығыс бағытта келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері айтып бергендей, Mercedes Рысқұлов көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатады, сол кезде Емцов және Тілендиев көшелері арасында ер адам жолды жүгіріп кесіп өтпек болған. Жасы шамамен 50-де.

Mercedes бар жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бордюрға бір-ақ соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан ер адам оқиға орнында тұраққа қойылған  Volvo көлігінің жүргізушісі. Ол жанармай бекетіне бару үшін, жолды кесіп өтпек болған. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза тапты.


Mercedes жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.