Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті

Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті

Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті. Салдарынан 1989 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды.

  • 13 Тамыз 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Алматы-1 стансасының желілік істер басқармасының кезекші инспекторы, капитан Әлмағамбетов Қайрат айтты. 

«Ер адам жақын маңдағы уақытша сақтау қоймаларында логист болып қызмет еткен. Таңертеңгі 8:33-те жұмысына асығып бара жатқан. Жұлдыз шағын ауданы маңындағы ашық жерден өтем дегенде жүк пойызының астына түсіп қалған. Алған жараларына ол сол жерде қаза болды», — деді кезекші. 
Оның айтуынша, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу ісінің бірыңғай реестріне тіркелді.  

Соңғы жаңалықтар