Олардың атап көрсетуінше, күдікті сәрсенбі күні кешке Уәлиханов көшесінде ол мінген Mercedes көлігін тоқтатып, ұсталған.
Тергеушілер тінту барысында оның шалбарының қалтасынан РГД-5 шабуылдаушы гранатасын, ал автокөлігінің салонынан 5 бос оғы бар «Байкал» травматикалық тапаншасын тауып, тәркіледі. Азаматтың қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат құжаттары болған, дейді дереккөздер.
Олардың ақпаратына сәйкес, ұсталған адам қамауға алынды.