BMW жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол Райымбек даңғылы бойынан батысқа қарай жүріп бара жатып, рөлде ұйықтап кеткен. Басқарылмау салдарынан автокөлік жиекке шығып кетіп аударылды, жылдамдығы қатты болғандықтан соққан шам бағанасы құлады. Апатта жүргізушінің өзі зардап шекті, "жедел жәрдем" дәрігерлері оны тексерді, алайда оны ауруханаға жатқызу қажет болмаған.
Бағанамен соқтығысу салдарынан электр сымдары салбырап қалды. Осыған орай даңғыл бойынша қозғалыс қиындатылды.