Алматыда журналист Асхат Ниязовты полиция ұстап алып кетті (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда журналист Асхат Ниязовты полиция ұстап алып кетті (видео)

Алматыда журналист Асхат Ниязовты полиция ұстап алып кетті (видео)

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Ниязов пен оператор полиция қызметкерлерімен бірге патрульдік көлікке мінеді.

  • 12 Қыркүйек
  • 30
Stan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Қандай хаос болып жатыр? Асхат Ниязов ұсталды. Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінен бақылауға алуды сұраймын. Ақпарат министрлігіне сенім жоқ”, – деп жазды қоғам белсендісі Санжар Боқаев.

Ал Салтанат Әшімова желідегі парақшасында Ниязов Алматы әкімдігінде төбелесті деген айыппен ұсталғанын айтты. Ниязовты қаладағы Бостандық аудандық полиция басқармасына апарған. 

Тұтқындалу туралы мәлімет жоқ. Редакция полиция департаментінен ресми ақпарат күтіп отыр.

Еске салсақ, Асхат Ниязовтың үстінен Protenge Telegram арнасының Азаттықтағы әріптестерін қолдап жазған басылым постын бөліскені үшін іс қозғалғаны мәлім болды. Басылым істің бастапқы дереккөз иесіне емес, Асхат Ниязовтың үстінен қозғалғанына таңғалысын білдіріп, әріптесіне қолдау көрсететінін жеткізді.