Алматыда жұртқа тиіскен жасөспірімдер елден шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жұртқа тиіскен жасөспірімдер елден шығарылды

Алматыда жұртқа тиіскен жасөспірімдер елден шығарылды

Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды. Сонымен қатар, оларға елге қайта кіруге тыйым салынды

  • 5 Сәуiр
  • 6
Фото: ІІМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы саябақтардың бірінде болған оқиғаның видеосы тарады. Видеода кішкентай қыздар саябақта жүргендерге тиіскені айтылады.

«Заттарымызды тартып алды, тас лақтырып, басқа адамдарды да ұрды. Осы екі қызды айналып өтіңіздер, ақша сұрайды, бермесеңіздер, заттарыңызды тартып алып, өзіңізге қарай лақтырады», — деп жазылған желідегі жазбада.

Полиция бұл жайтқа байланысты тексеру басталғанын хабарлаған еді.

Көп ұзамай жасөспірімдердің кім екені анықталып, олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Кейін олар да, ата-аналары да көрші елдің азаматтары екені белгілі болды. Сол кезде оларды елден шығару мәселесі қаралып жатқаны айтылған.

Бұдан бөлек, құқық бұзған жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.