Алматыда жұртты дүрліктірген «жарылғыш» көліктің иесі сауда үйіне айыппұл төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жұртты дүрліктірген «жарылғыш» көліктің иесі сауда үйіне айыппұл төлейтін болды

Алматыда жұртты дүрліктірген «жарылғыш» көліктің иесі сауда үйіне айыппұл төлейтін болды

Алматыда күдікті көліктің кесірінен Сейфуллин мен Мәметова көшелерінің қиылысындағы сауда үйінің жұмысы уақытша тоқтатылды.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «MEGA Park» сауда үйінің баспасөз хатшысы Сергей Ким хабарлады. 

Оның айтуынша, көліктің ішінен ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сауда үйі штаттық режімде жұмыс істеп тұр.
«Автотұрақта бір көлік түнге қалып қойған. 10 сағаттан астам иесі келмеген соң, сауда үйінің қауіпсіздік қызметі жедел қызмет өкілдерін шақырды. Осы мақсатта полиция қоршауға алып, көлікті тексерді. Одан жарылғыш зат табылмады. 100-ге жуық арендатор мен қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды», — деді Сергей Ким.
Көліктің иесі табылды. Бір түнге көлігін қалдырғаны үшін енді оған 1000 теңге төлеуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар