Алматыда жүзге жуық жанұя қыста жылусыз қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүзге жуық жанұя қыста жылусыз қалуы мүмкін

Алматыда жүзге жуық жанұя қыста жылусыз қалуы мүмкін

Құбырлар қысымға шыдамай, әр жерінен тесік шықсада тапсырыс беруші тарап жұмысты қабылдап алған.

  • 6 Қараша 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz

Тікелей әкімдіктің тапсырысымен тартылған газ құбыры қысымның күшіне қауқарсыз. Салдарынан Қарасу шағын ауданының халқы әлі жылусыз отыр. Жүзге жуық жанұядан миллиондап ақша жинап алған компания күнде ертеңмен елді әлі алдап келеді. Басшылардың уәдесіне сенген тұрғындардың көбі бұрынғы көмір пештерін газбен жанатын құрылғыға ауыстырып тастаған. «Аяқ астынан аяз түссе, үйдегі батереямыз қатады» деп қорыққан жұрт жаппай жиналып, жанайқайын жеткізді, деп жазады Алматы телеарнасы.

«Қазтрансгаз» компаниясына ақша төлеп, көгілдір отынды көптен күтіп жүрген жанның бірі — Жарқын Кәрімханұлы. Жаз өткелі балалары мына электр пешінің айналасынан шықпайтын болған. Қажетті құжаттарымен қоса жаңа газ пешінде қойғызған. Жаз бойы күткен көгілдір отын жуырда берілмесе, аязбен қатар батарей жарылып, жаңа проблемаға жолығамыз ба дейді.

«Аспаннан түскендей таңғалып отыр. Білмейді кім айтқанын. Сонда халыққа ақша құйыңдар, деді. 165 мың бердік. Түтіндікке үш мыңнан бердік. Бәрін төледік. Міне 500 мыңдай кетті жалпы», — деді Жарқын Кәрімханұлы.

«Көмір жағудан құтылдық» деп қуана ақшасын толыққанды қырыққа жуық жанұя төлесе, газға жауаптылардың жырына сенбеген жұрттың көбі 150 мың теңгенің жартысын беріп қойған. Көмір алмай, ақшасын газ тартқазуға төлеп қойған жұрт әкімдік пен жеке компанияның арасында сабылып жүр.

Құжатын реттеп, орталық құбырды тартуға әкімдік тапсырыс бергенмен, халық «Қазтрансгаз» акционерлік қоғамының аймақтық бөлімшесімен келісімшартқа отырған. Ал монтаждау жұмыстарын жүргізген «Сегма» компаниясы болса екі пеш қоймаған халықтың өзі кінәлі, дейді.


«Біз газ құбырын жүргізіп, қысымын тексердік. Газ жылытқышынан бөлек көмір пеші қатар тұруы керек деген біздің талабымыз бар. Жұмыста өткізденде бәрі дұрыс болған. Бізден кейін су, кәріз жұмыстарын жүргізген шығар. Мен оларға қалай кепіл берем? Тағыда түсіндірем, біраз шыдаса газ беріледі», — деді «Сигма» ЖШС техникалық директоры Владимир Евграшин.

«Мердіген «Сигма» ЖШС. «Сигма» компаниясы қалай жасап береді, содан кейін «Қазтарансгаз» үш күннің ішінде газды береді. Біз жақтан ешқандай проблема жоқ», — деді «Қазтрансгаз аймақ» ЖШС бөлім басшысы Рауан Нұрбаев.

«Сигма» компаниясының тартқан құбырлары қысымға шыдамай, әр жерінен тесік шықсада тапсырыс беруші тарап жұмысты қабылдап алған. «Үш-бес күн аралығында жұртты газбен жарылқаймыз» деген жауаптылардың жұмысы жуырда бітпейтін секілді. Өйткені, ақаудың сыртында жүз отызға жуық үйдің құбыры орталық жүйеге әлі жалғанбапты. Ал баспанадан пана таппаған балалар күннің көзінен жылу іздеп далада жүруге мәжбүр.