Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азиз Қажденбек айтты. 

  • 9 Тамыз
  • 15
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«2023 жылы қалалық мансап орталығы ашылды. Іске қосылған сәттен бастап оған 4 мыңнан астам жас жүгінді. Орталық 3 мың адамды жұмысқа орналасуға көмектесті. Қажетті 33 мамандық бойынша қысқа мерзімді курс іске қосылды. 2024 жылдың басынан бері 4100 жас оқудан өтті, оның 2,9 мыңы жұмысқа орналастырылды, ал 1,2 мыңы тағылымдамадан өтіп жатыр», — деді Азиз Қажденбек.

Айтуынша, «Жасыл ел» ұлттық жобасы аясында 1,2 мың жас уақытша жұмысқа тартылды. Күзге дейін тағы 2100 адамды еңбекпен қамту көзделген.

Осылайша, 2024 жылдың қаңтар айынан бері 31,3 мың жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты – 24,5 мың, уақытша – 6,8 мың.

Осыған дейін спикер Алматыда жатақхана проблемасы қалай шешіліп жатқаны туралы айтқан еді.