Алматыда жыл басынан бері көліктердің 29 проценті техникалық байқаудан өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жыл басынан бері көліктердің 29 проценті техникалық байқаудан өтті

Алматыда жыл басынан бері көліктердің 29 проценті техникалық байқаудан өтті

2003-жылдың 6 айында Алматыда көліктердің 29 проценті, немесе, 62990 автокөлік құралы техникалық байқаудан өтті. Бұл туралы бүгін, 4-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ІІББ Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Арман Сарбасов хабарлады. Баспасөз мәслихаты жол полициясы басқармасының көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жарты жылдық жұмыс қорытындысына арналған болатын.

  • 4 Шiлде 2003
  • 465
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен жеке тұлғаларға тиесілі 48 мың 35 (25,9 процент) , ал заңды тұлғаларға тиесілі 14 мың 155 (50,3%) автокөлік техникалық байқаудан өткізілді.

Осы орайда А.Сарбасов көліктерді техникалық байқаудан өткізу мерзімі 1-қаңтардан 30-қазанға дейін ұзартылғанын еске салды. Ал бұрын техникалық байқау 1-сәуірден 30-қыркүйекке дейін созылатын. Қалада техникалық байқау өткізетін 9 станция жұмыс істейді. Жол полициясы басқармасы бастығы орынбасарының айтуынша, автокөлік қожайындарына қолайлы жағдай тудыруға барлық мүмкіндіктер бағытталуда .
Қазіргі жағдаймен Алматыда 210,3 мың автокөлік тіркелген.

Соңғы жаңалықтар