Алматыда жылдың басынан бері полиция темекі тартатын 4,5 мыңнан астам адамға айыппұл салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жылдың басынан бері полиция темекі тартатын 4,5 мыңнан астам адамға айыппұл салды

Алматыда жылдың басынан бері полиция темекі тартатын 4,5 мыңнан астам адамға айыппұл салды

Алматыда жылдың басынан бері қоғамдық орындарда темекі тартқан 4,5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Биыл ІІД басқа мүдделі органдармен бірлесіп қоғамдық орындарда темекі тартқандарды анықтау бойынша 150-ден аса рейд жүргізді, оның барысында 4,5 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 700 — білім беру мекемелерінде, 80-нен астамы — қоғамдық тамақтану орындарында, шамамен 4 мың адамның қоғамдық орындарда темекі тартқандығы анықталған», деп хабарлады дүйсенбіде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Алматы ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асхат Ыдырысов.

Оның ақпаратына қарағанда, құқық бұзушыларға 2,5 млн теңгеден аса айыппұл салынған.
Бұрыннан белгілі, Қазақстанда 2009 жылдың қазан айынан бастап қоғамдық орындарда темек тартуға шектеу қойылған.
Сонымен қатар ашық алаңдарда, көшелерде, сквер мен саябақтарда, яғни темекі тартуға тыйым салу ескертілмеген орындарда темекі тартуға болады.

Соңғы жаңалықтар