Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Алматыдағы жылу маусымы 2018 жылдың 15 қазанынан басталады. Өз кезегінде әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады.
Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100 пайыз дайын.
Сондай-ақ, қалада биыл 12 шақырым жылу желісі, 23 шақырым электр желісі, 283 шақырым су құбыры мен 267 шақырым кәріз желісі қайта жасалғаны айтылады.