Алматыдағы 7-ауруханада журналист Асхат Шәріпжанов қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы 7-ауруханада журналист Асхат Шәріпжанов қайтыс болды

Алматыдағы 7-ауруханада журналист Асхат Шәріпжанов қайтыс болды

Бүгін таңертеңгі 6 сағат 15 минутта журналист Асхат Шәріпжанов қалалық 7-ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Navi" интернет-газетінің бас редакторы Юрий Мизинов хабарлады.

  • 20 Шiлде 2004
  • 812
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, журналист А.Шәріпжанов 16-шілде, сенбі күні кешкі сағат 23 00 шамасында Алматыдағы Әуезов көшесіне таяу жерде жол апаты салдарынан басынан ауыр жарақаттанған болатын. Абай даңғылы арқылы батыс бағытта келе жатқан «Mitsubishi Galant» автокөлігі даңғылды кесіп өтпек болған А.Шәріпжановты қағып кеткен. Көлік жүргізушісінің айтуынша, А.Шәріпжанов жолды кесіп өтуге ұмтыла беріп, кері бұрыла жөнелсе керек. Көлік тізгінінде Қызылорда облысының тумасы, Қ.Қалжанов есімді жұмыссыз азамат отырған.

Жол апатынан кейін «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісі зардап шеккен жанға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, болған оқиға туралы полицияға хабарлап, жедел жәрдем шақырған.

Перейти к новостям спорта